Жаңалықтар архивы

04 қараша, 2021
333

Пилоттық режимде электр энергиясының мемлекетаралық орталықтандырылған саудасын жүргізу

1 Фото

Құрметті Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері!

Сізге пилоттық режимде электр энергиясының мемлекетаралық орталықтандырылған саудасы өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз (бұдан әрі - сауда). Бұл сауда Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден импорттау арқылы Қазақстан Республикасының ЕЭО электр энергиясының жетіспеушілігін қамтамасыз етуге және электр энергиясының мемлекетаралық сауда механизмдерін сынауға, сондай-ақ электр энергиясын импорттау бойынша Қазақстан Республикасы мен көрші елдердің нарық субъектілерінің арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібін пысықтауға бағытталған.

Сауда 11.11.2021 жылдан бастап 11.12.2021 жылға дейін мезгілге Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарына жеткізу арқылы 2021 жылдың 5 қарашасында 15-30-дан 16-30-ға дейін      (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) өтеді.

Сауда қатысушыларын электронды сауда жүйесінде тіркеу: 2021 жылдың 5 қаршасында 15:00 дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен).

Сатуға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша (https://carem.korem.kz) электрондық жүйеде тіркелу қажет.

Көрсетілген саудада ұйымдастыру және қатысу үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарық операторының қызметтері үшін ақы алынбайды.

Сауда нәтижелері бойынша мәміле жасау электр энергиясының көтерме сауда нарығының ережелеріне және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Сұрақтар туындаса немесе қосымша ақпарат қажет болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыз: +7(7172) 982-971, +7(7172) 982-973.