Жаңалықтар архивы

08 қараша, 2021
348

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы бірінші аукциондық сауда-саттығы

1 Фото

2021 жылғы 8 қарашада Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық басталды. Ағымдағы жылы аукциондардың жалпы қуаттылығы 20 МВт болатын гидро электр станцияларының жобаларын іріктеуден басталды. Аукцион өтті деп танылды.

Аукциондық сауда-саттығына қатысуға 4 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 6 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 1,4-ден 4,9 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 11,8 МВт құрады. 2021 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 15,2 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 15,19 -ден 15 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі компаниялар жеңімпаз болып анықталды:

  • «Аксугидро» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 4,9 МВт, аукциондық бағасы 15 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысы Жамбыл ауданының маңында орналастыру жоспарлануда;
  • «Алтын-Гидро» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 15,01 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына жақын жерге орналастыру жоспарлануда;
  • «Ынтымақ» АӨК» өндірістік кооперативі (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 3,5 МВт, аукциондық бағасы 15,05 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысының Сарыағаш ауданына жақын жерге орналастыру жоспарлануда;
  • «Европа Солар» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 1,4 МВт, аукциондық бағасы 15,19 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының маңында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, "KazEnergy" ЗТБ, USAID, БҰҰДБ халықаралық ұйымының, "Атамекен"ҰКП өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Келесі аукцион 09.11.2021 ж. 10 МВт БиоЭС түрі бойынша белгіленді

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 30.07.2021 ж. №251 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесіне сәйкес 2021 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 200 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 20 МВт;

- жел электр станциялары – 50 МВт;

- гидро электр станциялары – 120 МВт;

- БиоЭС - 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.