Жаңалықтар архивы

23 қараша, 2021
667

2021 жылғы аукциондардың нәтижелері

1 Фото

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен аукциондар Кестесіне сәйкес 2021 жылы ЖЭК аукциондарына электр станцияларының келесі түрлері бойынша бөлінген, белгіленген қуаты жалпы 200 МВт қойылды: ЖЭС – 50 МВт; КЭС – 20 МВт, ГЭС – 120 МВт; БиоЭС – 10 МВт.

2021 жылғы аукциондар үшін мынадай шекті бастапқы аукциондық бағалар белгіленді:

  • ЖЭС – 21,53 тг/кВтсағ;
  • КЭС – 16,96 тг/кВтсағ;
  • ГЭС – 15,2 тг/кВтсағ;
  • Био ЭС – 32,15 тг/кВтсағ.

Барлығы 5 аукцион жоспарланған және өткізілген: 2 - шағын жобалар бойынша, 3 - ірі жобалар бойынша. Аукциондар штаттық режимде өткізілді, бұл ретте қатысушылардың жеткіліксіз саны себебінен 1 аукцион өтпеді деп танылды (ГЭС ірі).

Аукциондарға 24 қазақстандық компания қатысты. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жиынтық көлемі 626,95 МВт құрады, яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен 3 есе асып түсті. Атап айтқанда, КЭС және шағын ГЭС жобалары бойынша сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен шамамен 3 есе асып түсті, бірақ инвесторлар тарапынан ең үлкен қызығушылық ЖЭС болды, олар бойынша сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен 10 есе асып түсті (1-кесте).

1-кесте. 2021 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондардың нәтижелері

ЖЭК технологиясы

Аукциондар көлемі (МВт)

Қатысушылардың ұсынысы

(МВт)

Аукциондар барысында іріктелген

(МВт)

Іріктелген жобалар саны

Бастапқы аукциондық баға (тг/кВтсағ)

Ең төменгі аукциондық баға (тг/кВтсағ)

Жел

50

550

50

1

21,53

14,08

Күн

20

60

20

1

16,96

12,87

ГЭС

120

11.8

11.8

4

15,2

15,00

Биогаз

10

5.15

5.15

2

32,15

32,14

Барлығы:

200

626.95

86.95

8

-

-

Жалпы, 2021 жылғы аукциондарда жалпы белгіленген қуаты 86,95 МВт болатын 8 ЖЭК жобасы іріктелді, оның ішінде ЖЭС - 50 МВт, КЭС - 20 МВт, шағын ГЭС – 11,8 МВт, БиоЭС-5,15 МВт. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары ұсынылған аукциондық қуаттың 43,48% - ын іріктеп алды.

2021 жылғы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондар

 2021 жылғы 8 қарашада Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша белгіленген қуаты 20 МВт болатын ГЭС шағын жобалары бойынша аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 6 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 1,4-тен 4,9 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 11,8 МВт құрады. 2021 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 15,2 тг/кВтсағ құрады (ҚҚС-сыз).

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 15,19-дан 15 тг/кВтсағ құрады (ҚҚС-сыз).

2021 жылғы 9 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймақтары бойынша белгіленген қуаты 10 МВт болатын БиоЭС шағын жобалары бойынша аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 2 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 2 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 0,2-ден 4,95 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 5,15 МВт құрады. 2021 жылы БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 32,15 тг/кВтсағ құрады (ҚҚС-сыз).

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 32,15-тен 32,14 тг/кВтсағ құрады (ҚҚС-сыз).

2021 жылғы 10 қарашада Солтүстік аймақ бойынша белгіленген қуаты 50 МВт болатын ЖЭС ірі жобалары бойынша аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 13 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 86 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 50 МВт құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 550 МВт құрады. 2021 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 21,53 тг/кВтсағ құрады (ҚҚС-сыз).

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 14,08 тг/кВтсағ құрады (ҚҚС-сыз).

2021 жылғы 11 қарашада белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт болатын ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукцион Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығымен бекітілген «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінім берудің мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының» 51-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартқа сәйкес өткізілмеді деп танылды, сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың саны екіден кем.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталған жоқ.

2021 жылғы 12 қарашада Солтүстік аймақта белгіленген қуаты 20 МВт болатын КЭС ірі жобалары бойынша аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 14 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 20 МВт құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 60 МВт құрады. 2021 жылы КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 16,96 тг/кВтсағ құрады (ҚҚС-сыз).

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 16,96-дан 12,87 тг/кВтсағ құрады (ҚҚС-сыз). 2021 жылғы аукцион жеңімпаздарының тізімі 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте. 2021 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондардың нәтижелері

№ р/с

Сауда-саттық күні

Жеңімпаздың атауы

Жобаның қуаттылығы, МВт

Аукциондық бағасы, тг / кВт

(ҚҚС-сыз)

Жоба түрі

Жобаның көлемі

1

08.11.2021

«Аксугидро» ЖШС

4.9

15

ГЭС

шағын

2

«Алтын-Гидро» ЖШС

2

15.01

3

 «Ынтымақ» Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі» өндірістік кооперативі

3.5

15.05

4

 «Европа Солар» ЖШС

1.4

15.19

5

09.11.2021

«Burabai biogas & Fertilizers Factory» ЖШС

4.95

32.15

БиоЭС

шағын

6

«SAMP KAZAKHSTAN» ЖШС

0.2

32.14

7

10.11.2021

 «Гиперборея» ЖШС

50

14.08

ВЭС

ірі

8

11.11.2021

 «NextEcoEnergy» ЖШС

20

12.87

СЭС

ірі

 

Барлығы

86.95

 

 

 

Ағымдағы жылғы аукциондар қорытындылары бойынша ЖЭС жобасы бойынша аукциондық бағаның барынша төмендеуі 34,6% – ды, КЭС – 24,11% – ды, шағын ГЭС-1,31% - ды, БиоЭС-0,03% - ды құрады. Бұл аукциондар бағаның төмендеуін қамтамасыз ететіндігін және ЖЭК объектілерінен электр энергиясының нарықтық бағаларын анықтауға мүмкіндік беретінін растайтын жақсы нәтиже болып табылады.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде бақылаушылар ретінде: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ЖЭК жөніндегі Қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС, «Атамекен» ҰКП, Qazaq Green Қауымдастығы, «Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, USAID, ЕҚДБ, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері қатысты. Бақылаушылармен аукциондық сауда-саттық бекітілген Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілетіні атап өтілді және аукционды ұйымдастырушы – «КОРЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығы расталды.