Жаңалықтар архивы

21 қыркүйек, 2022
470

«ЭҚРҚО» АҚ міндеттерінің бірі ретінде инвесторларды тарту

1 Фото

«ЭҚРҚО»  АҚ-да «Ecoener» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Компанияның корпоративтік кеңселері Испаниядағы Ла Коруньяда орналасқан. Eco ener 130 миллион еуроға жасыл облигациялар енгізу арқылы гидроэнергетика және жел энергетикасы стратегиясын алға тартады.

Кездесуде Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу қағидалары мен тәртібі туралы мәселелер көтерілді.

«ЭҚРҚО» АҚ Басқарма Төрағасы К.Рахимов Қазақстанда ЖЭК дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Жел және су электр станцияларына басты назар аударылады.

Кездесу барысында алдағы аукциондардың ережелері мен рәсімдері егжей-тегжейлі түсіндірілді, ЭҚРҚО сарапшылары «Ecoener» компаниясының барлық сұрақтарына толық жауап берді.

Кездесу қорытындысы бойынша инвестор «Ecoener» компаниясы атынан ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында өтуі тиіс Қазақстан Республикасындағы ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысуға шақырылды.