Жаңалықтар архивы

20 мамыр, 2022
440

Құрметті инвесторлар!

1 Фото

2022 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Түркістан облысында (жылу энергиясын бермейтін бу-газды қондырғы) және Қызылорда облысында (жылу энергиясын беретін бу-газды қондырғы) генерацияның өзгерімділік режимі бар электр станцияларының құрылысы бойынша екі алаңның аукциондық құжаттамасын бекітті

оны мына жерден таба аласыз.

Аукциондық сауда-саттық:

- Қызылорда облысында көлемі 240 МВт, 2022 жылдың 13 шілдесінде өтеді.

- Түркістан облысында көлемі 926,5 МВт 2022 жылдың 15 шілдесінде өтеді.

2022 жылға арналған аукциондық сауда-саттық кестесін, сондай-ақ қатысуға қатысты презентация материалдарын біздің https://auction.korem.kz/ сайттан таба аласыз.

Сонымен қатар біздің сайтта сіз жоба алдындағы құжаттаманың құрамымен және құрылысты қамтамасыз етуге арналған сәулеттік, функционалды-технологиялық, конструктивті және инженерлік-техникалық шешімдерді анықтайтын нақтылауларды қамтитын дайын презентация материалдарымен таныса аласыз.

Барлық сұрақтар бойынша бізбен vie@korem.kz электронды поштасы арқылы немесе 8 (7172) - 649-181, 649-187, 649-188 телефондары арқылы байланыса аласыз.

Біз сізді 2022 жылғы аукционға қатысушылардың қатарында көруге қуаныштымыз.