Жаңалықтар архивы

02 маусым, 2022
384

33 компанияның өкілі «ЭҚРҚО» АҚ ұйымдастырған аукциондық сауда-саттық бойынша онлайн вебинарға қатысты.

1 Фото

2022 жылғы 1 маусымда «ЭҚРҚО» АҚ-ның «Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық» тақырыбындағы аукциондық сауда-саттық бойынша онлайн вебинарға 33 компанияның қызметкерлері қатысты.

Бұл вебинарды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «ЭҚРҚО» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС ұйымдастырды. Вебинарға қазақстандық және шетелдік ұйымдардың 60-тан астам қызметкері қатысты.

Бұл вебинардың мақсаты – Қазақстанда генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру.

ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаменті директорының орынбасары Дархан Ахметов өз сөзінде икемді қуаттарды салуды ынталандыру шеңберінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін атап өтті.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілі Лейла Гимранова қатысушыларды компания қызметімен және мемлекеттік жобалар аясында инвесторларға ұсынылуы мүмкін қолдау шараларымен, соның ішінде инвестициялық жобаларды дайындау және іске асыру кезінде инвесторларды сүйемелдеу тәртібімен таныстырды.

«ЭҚРҚО» АҚ сервисті дамыту және тұтынушыларды қолдау секторының басшысы Жасұлан Кенжин өз кезегінде аукциондық сауда-саттықтың өту барысын, өткізу кестесі мен өтінім беру шарттарын егжей-тегжейлі айтып берді.

«ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС бас директоры Гүлжан Нәлібаева қатысушыларға бірыңғай сатып алушының функцияларын атап өтіп, қаржылық қолдауға қатысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, «ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС өкілдері Асель Калимова, Замира Ахметова «Бірыңғай сатып алушымен электр қуатын сатып алу бойынша келісім шарт жасап, оларды орындау тәртібі» тақырыбында баяндамалар жасады. Қаржылық қамтамасыз ету түрлері, шарттары, құжаттарды дайындау және есеп беру мерзімдері туралы мәселелер жан-жақты ашылды.

Вебинарға қатысушылар сұрақ-жауап форматында жұмысын жалғастырды.