Жаңалықтар архивы

06 маусым, 2023
318

Хабарландыру!!! Имитациялық режимде электр энергиясының пилоттық орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу туралы

1 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру ережелері» жаңа жобасына (бұдан әрі – Ереже) сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірледі.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 9 маусымында «ЭҚРҚО» АҚ имитациялық режимде электр энергиясының пилоттық орталықтандырылған сауда – саттығын (бұдан әрі-Имитациялық сауда-саттық) өткізуді жоспарлап отыр.

Имитациялық сауда-саттық 2 (екі) сауда сессиясында өткізілетін болады:

  1. 11:30-дан 12:00-ге дейін - цифрлық кеншілер үшін (Астана уақыты бойынша);
  2. 15:30-дан 16:00-ге дейін - энергия өндіруші ұйымдар үшін (Астана уақыты бойынша).

Электр энергиясының орталықтандырылған сауда - саттығына ЖЭО мен инвестициялық келісімдер жасасқан энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, КЭН субъектілері - цифрлық кеншілер мен энергия өндіруші ұйымдар қатысады.

Көтерме электр энергиясы нарығы субъектілерінің Имитациялық сауда-саттыққа толық тартылуын қамтамасыз ету мақсатында:

-  жаңа Ережелер жобасымен танысу;

-  2023 жылғы 8 маусымда сағат 10:00-ден кешіктірмей (Астана уақыты бойынша) сілтеме бойынша тіркеуден өту https://tradez-test.korem.kz;

-  тіркелгеннен кейін 2023 жылғы 8 маусымда «ЭҚРҚО» АҚ бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану мәселелері бойынша жоспарланған бейнеконференцияға қатысуынызды сұраймыз.

Оқытуға, түсіндіруге және тіркеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 7172 982-941, 982-942, 982-943

Фото: ашық дереккөздерден