Жаңалықтар архивы

20 маусым, 2023
366

Хабарландыру!!! Қайталанған имитациялық сауда-саттық!!!

1 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру ережелері» жаңа жобасына сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірледі.

Осыған байланысты, «ЭҚРҚО» АҚ электр энергиясының қайталама орталықтандырылған сауда – саттығын имитациялық режимде (бұдан әрі-Имитациялық сауда-саттық) өткізуді жоспарлап отыр.

Имитациялық сауда-саттық 2 (екі) сауда сессиясында өткізілетін болады:

  • Цифрлық майнерлер үшін 

       - 2023 жылғы 20 маусым сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша)

       - 2023 жылғы 22 маусым сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша)

  • Энергия өндіруші ұйымдар үшін

       - 2023 жылғы 21 маусым сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша)

       - 2023 жылғы 23 маусым сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша)

 

Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына КЭН субъектілері, атап айтқанда цифрлық майнерлер мен энергия өндіруші ұйымдар (инвестициялық келісімдері бар ЖЭО мен ЭӨҰ-нан басқа) қатысады.

Имитациялық сауда-саттыққа қатысу үшін жоғарыда аталған мүдделі тұлғалардан осы сілтеме бойынша тіркеуден өтуін сұраймыз (https://tradez.korem.kz ).

Түсініктемелер мен тіркеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 7172 982-941, 982-942, 982-943.

Фото: ашық дереккөздерден