Жаңалықтар архивы

29 қыркүйек, 2023
418

«ЭҚРҚО» АҚ еңбек тәртібі ережелерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен танысу бойынша онлайн семинар

2 Фото
2 Фото

2023 жылғы 29 қыркүйекте «ЭҚРҚО» АҚ-да Қоғамның жаңадан қабылданған қызметкерлері үшін тақырыптар бойынша онлайн-танысу семинары өтті: «Еңбек тәртібі ережелері» и «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет».

Семинарды бас менеджер-кадр қызметінің басшысы Алтынай Өмірзақова ашып, семинарға қатысушыларды компаниядағы қолданыстағы Еңбек тәртібі ережелерімен таныстырды. Алтынай Амангелдиевна Қоғамдағы ішкі еңбек тәртібін құқықтық реттеу туралы айтып, қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін, еңбек тәртібінің негізгі ұғымдарын, тәртіптік жазалардың бар түрлері, Қоғам қызметкерлері үшін ынталандыру әдістері мен әлеуметтік кепілдіктер туралы атап өтті.

Қорытындылай келе, Ережелер жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастарын тиімді реттеуге бағытталғанын атап өтті.

Семинардың екінші бөлігін комплаенс-офицер Болат Баймұратұлы өткізді. Комплаенс-офицер Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жүргізу және сақтау туралы хабардар етті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік құқықтық базамен және ішкі нормативтік құжаттармен таныстырды. Институт регламенті және комплаенстің қалыптасу тарихы, сондай-ақ комплаенс-офицердің негізгі міндеттері туралы айтып берді.

Семинар соңында Болат Баймұратұлы 2023 жылдың 1-ші жартыжылдығында комплаенс-офицердің толық есебін беріп, қызметкерлердің барлық сұрақтарына жауап берді.