Жаңалықтар архивы

14 қазан, 2023
388

16-17 қазанда Астанада «Қазақстан Республикасындағы электр энергетикасы саласын цифрландыру және реформалау» атты II Ұлттық семинар өтеді

1 Фото

2023 жылғы 16-17 қазанда Astana Hub IT-стартап халықаралық технопаркінің алаңында «Қазақстан Республикасындағы электр энергетикасы саласын цифрландыру және реформалау» атты II Ұлттық семинар өтеді - инновациялар, энергетика секторын цифрлық трансформациялау саласындағы әлеуетті арттыру бойынша саланың үздік халықаралық және отандық сарапшыларын біріктіретін алаң.

Семинардың негізгі мақсаты - цифрландыру саласындағы озық тәжірибелер мен білімдермен алмасу, оның жұмыс істеуінің тиімділігін, қауіпсіздігін және үздіксіздігін арттыру үшін цифрлық технологиялар мен платформалық шешімдерді енгізу жолымен Қазақстан Республикасының энергетикалық инфрақұрылымын қайта құру.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Ұлттық семинардың ұйымдастырушылары болып табылады.

Екі күндік семинар бағдарламасы 7 (жеті) панельдік сессияны қамтиды:

- Сессия 1: Қазақстандағы энергетикалық секторды цифрландыру

- Сессия 2: Қазақстанда SmartGrid және SmartMetering енгізу қадамдарын талқылау

- Сессия 3: Көтерме нарықтың жаңа моделі және жұмыс істеудің алғашқы нәтижелері

- Сессия 4: Энергетикалық секторға қатысушылар арасындағы үйлестіру мәселелері – саяси реттеуден бастап энергияны өндіру мен тұтынуға дейін

- Сессия 5: Цифрлық энергетикалық платформаны көрсету

- Сессия 6: Реттеуші құмсалғыштар инновациялық құрал ретінде

- Сессия 7: Энергетиканың цифрлық платформасын талқылау

 

Тіркеу ашық, мүдделі тұлғалар келесі сілтеме бойынша тіркеле алады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSenq6OH2KIP8K0bTa_Jjg2hVgwcg-x9JOELSb0S0ATvytCyIQ/viewform 

Семинар бағдарламасы