Жаңалықтар архивы

20 қараша, 2023
333

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары

1 Фото

2023 жылғы 20 қараша сағат 16:00-ден бастап «ЭҚРҚО» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы Батыс Қазақстан энергия торабына қарай өткізу қабілетін ескере отырып өткізілді.  

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «ЭҚРҚО» АҚ-ға келесі бастапқы параметрлерді ұсынды:

  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 531 МВт;
  • Батыс Қазақстан энергия торабына қарай электр беру желілерінің өткізу қабілеттілігінің көлемі – 130 МВт.

Электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметке шекті тариф - айына 1 065 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз).

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда саттыққа 4 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатымен орталықтандырылған сауда саттық қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 389 МВт құрады. Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 4.  Электр қуаты орталықтандырылған сауда-саттықтың қорытындысы бойынша орташа өлшенген баға айына 1 065 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда жүйесіне берілген энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерінің жиынтық көлемі 389 МВт құрады.

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша сатып алынатын қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметтерді сатуға арналған көлем тапшылығына байланысты 142 МВт құрады.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда саттығының нәтижелерімен мына сілтеме  арқылы танысуға болады