Жаңалықтар архивы

20 желтоқсан, 2023
682

«ЭҚРҚО» АҚ алаңында Энергетиканың цифрлық платформасын қабылдау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті

3 Фото
3 Фото
3 Фото

2023 жылғы 19 желтоқсанда «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ алаңында «Энергетиканың цифрлық платформасы» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЭЦП АЖ) тәжірибелік пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысымен бекітілген «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жоспар-кестенің 134 және 135-тармақтарын іске асыру және ақпараттық жүйені іске қосу жөніндегі жоспарлы іс-шараларды жүргізу мақсатында ЭЦП АЖ тәжірибелік пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді.

Комиссия құрамына энергетика, ақпараттық технологиялар, Технологиялық даму және ҒЗТКЖ саласының 13 маманы кірді. Комиссия Төрағасы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры - Алексей Сергеевич Анисимов.

Отырысты Комиссия Төрағасы ашты. Алексей Анисимов атап өтті: «Өткен жылдан бастап « ЭҚРҚО» АҚ үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді, цифрлық платформаны әзірлеуге бюджеттен тыс қаражат тартылды. Қазіргі уақытта біздің құзыреттерімізде, оның ішінде Энергетика министрлігінің Ережелерінде көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтер мен функциялар субъектілермен өзара іс-қимылдың электрондық форматына ауыстырылуы тиіс. Тиісінше, электр энергетикасын цифрландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. ЭҚРҚО технологиялық құзыреттіліктің салалық орталығы ретінде электр энергетикасы саласының жұмысын мониторингтеудің цифрлық шешімі бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Команда шағын, бірақ нәтижелі және осындай аз сомаға финалға дейінгі шешім шығарды және бүгін біз ЭЦП АЖ тәжірибелік пайдалануға беру мәселелерін талқылау үшін жиналдық».

Отырыс барысында Энергетиканың цифрлық платформасы модульдерінің функционалдығы көрсетілді, сондай-ақ Комиссияның барлық мүшелеріне ЭЦП АЖ тестілеуіне қолжетімділік берілді.

Күн тәртібінде ЭЦП АЖ әзірлеу мақсаттары мен міндеттері талқыланды, Комиссияның жұмысын ұйымдастыру мен тәртібі туралы ақпаратты назарға алды және орындады, қабылдау критерийлері мен ЭЦП АЖ іске қосу мәселелері келісілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Комиссия ағымдағы жылдың соңына дейін функционалдарды тестілеуді аяқтау мерзімімен ЭЦП АЖ тестілеуге кірісу туралы шешім шығарды.