Жаңалықтар архивы

23 қаңтар, 2024
508

«ЭҚРҚО» АҚ өкілі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамында Ташкент қаласында өткен семинарға қатысты

1 Фото

2024 жылғы 17-18 қаңтарда Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстандық ведомствоаралық жұмыс тобы Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы электр энергиясының өңірлік нарығындағы байланыстар мен сауданы дамыту жөніндегі «Нарықтың негізгі тұжырымдамалары және жергілікті контекст» тақырыбындағы семинарына қатысты.

Іс-шарада қазақстандық делегация құрамында ҚР Энергетика министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС, «KEGOC» АҚ және «ЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты.

Семинар Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы пилоттық қысқа мерзімді өңірлік электр энергиясы нарығын дамыту жөніндегі жобасын дайындау шеңберінде өтті. Жобаның Мақсаты Орталық Азия үшін электр энергиясының өңірлік қысқа мерзімді пилоттық нарығын, сондай-ақ пилоттан толыққанды нарыққа көшуді жүзеге асыру үшін өтпелі тетіктері бар кезеңдік жол картасын әзірлеуден тұрады.

Екі күндік семинар Орталық Азия елдерінің өкілдерін әртүрлі елдердің мысалдарын пайдалана отырып электр энергиясы нарығының негізгі қағидаттарымен таныстырды.