Жаңалықтар архивы

23 ақпан, 2024
457

Бангкоктағы БҰҰ халықаралық конференциясында энергетиканың цифрлық платформасы таныстырылды

4 Фото
4 Фото
4 Фото
4 Фото

2024 жылғы 19-20 ақпанда Таиландта «Тұрақты даму үшін цифрлық технологиялар саласындағы саяси эксперименттер және нормативтік құмсалғыштар» бағдарламасы бойынша халықаралық конференцияда «ЭҚРҚО» АҚ «Энергетиканың цифрлық платформасы» ақпараттық жүйесінің (ЭЦП) жобасымен таныстырды.

Конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының конференц-орталығында Бангкок қ. өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті (UN DESA) Азия мен Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиямен бірлесіп болды.

Конференцияның мақсаты - энергетика секторының цифрлық технологиялары саласындағы тәжірибе алмасу, «Тұрақты даму үшін цифрлық технологиялар саласындағы саяси эксперименттер және нормативтік құмсалғыштар» бағдарламасын іске асырудан алынған жұмыс нәтижелері мен тәжірибені талқылау.

Екі күндік іс-шараға Қазақстан, Моңғолия, Бангладеш, Мальдив және басқа елдердің өкілдері қатысты. Халықаралық сарапшылар Ричард Стейс, Бижон Ислам, Гордон Кларк, Чой Пенг Ву, Атман Али, Лей Дженг және басқалар практикалық ұсыныстармен бөлісті.

Қазақстаннан делегация құрамына Қазақстаннан «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері кірді.

Панельдік сессия барысында «ЭҚРҚО» АҚ қызметкерлері «Энергетиканың цифрлық платформасы» ақпараттық жүйесінің жобасын таныстырды. Жобаларды дамыту және цифрлық трансформация секторының сарапшысы Сайран Сүлейменов ЭЦП әзірлеу және тәжірибелік пайдалануға беру тарихымен бөлісті, энергетиканың цифрлық платформасы модульдерінің функционалдығын көрсетті. Аналитика және жобаларды басқару департаментінің директоры Абай Шангитбаев пікірталас алаңында Конференцияға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Айта кетсек, ЭЦП іс-шараға қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Моңғолия және басқа елдердің өкілдері өз елдерінде ЭЦП әзірлеу және енгізу мүмкіндігіне үлкен қызығушылық білдірді.

Конференцияны ұйымдастырушылар іс-шараға қатысқандары үшін алғыстарын білдіріп, өткізілген презентациялар мен тәжірибе жаһандық Оңтүстіктің басқа дамушы елдері үшін үлгі бола алатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы «ЭҚРҚО» АҚ UN DESA бағдарламасына «Энергетиканың цифрлық платформасы» жобасымен қатысты. 2022 - 2023 жылдары UN DESA қолдауымен Қазақстан үшін Ұлттық воркшоптар ұйымдастырылды, сондай-ақ қазақстандық сарапшылардың ЭЦП құру мақсатында тәжірибе алмасу үшін Нидерландыға танысу сапары ұйымдастырылды.