Жаңалықтар архивы

27 ақпан, 2024
462

Қазақстанда БиоЭС құрылысына ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық өтті

1 Фото

2024 жылғы 27 ақпанда белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт БиоЭС құрылысына ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттық өтті.

Сауда сессиясының нәтижелері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 3 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 4 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 13 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 10-нан 10.6 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі бастапқы шекті аукциондық баға 32.23 тг/кВтсағ құрады (ҚҚС-сыз).

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 32.23-тен 32.03 тг/кВтсағ-қа дейін (ҚҚС-сыз) құрады.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:

  • «ZOR-Biogas» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2.4 МВт, аукциондық бағасы 32.03 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Apfel Alatau» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 3.4 МВт, аукциондық бағасы 32.08 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «Zor Fish» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.8 МВт, аукциондық бағасы 32.13 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

 

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, БиоЭС түрі бойынша жиынтық белгіленген қуаты 10 МВт аукцион бұрын өткізілген (2023 жылғы 30 қараша) аукцион өткізілмеді деп танылғанына байланысты қайта өткізілді.