Жаңалықтар архивы

01 наурыз, 2024
629

Айдос Дәрібаев «Электр энергиясы және қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

1 Фото

Айдос Нағымадинұлы Дәрібаев 1987 жылы туған, Қызылорда облысының тумасы.

Алматы энергетика және байланыс университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы «Іскерлік басқару шебері (МВА)» бағдарламасы бойынша Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.

Еңбек жолын 2008 жылдан бастап ІІ санатты инженер, «KEGOC» АҚ Алматы ЖЭТ желілер қызметінің бастығы болып бастады.

2009-2014жж.  - «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ аудандық электр желілерінің бастығы;

2014-2016жж. - Еуразиялық экономикалық комиссия Энергетика департаментінің Электр энергетикасы және атом саясаты бөлімінің консультанты (Мәскеу қ.);

2016-2017жж. - «KEGOC» АҚ Алматы филиалы директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары (Алматы қ.);

2017-2018жж. - «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары - бас инженер (Қызылорда қ.);

2018-2022жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаменті директорының орынбасары, директоры;

2022ж. - Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы;

2022 жылдың қазан айынан бастап - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары; 

2023 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.