Жаңалықтар архивы

06 қыркүйек, 2024
313

Астана қаласында «KOREM» АҚ-ның сауда жүйесінің электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыруға және өткізуге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге шекті бағалары туралы өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

1 Фото

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ-ның сауда жүйесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыруға және өткізуге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге шекті бағалары туралы келіп түскен өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді.

Жария тыңдау 2024 жылдың 16 қыркүйегі сағ.15:00-де, Астана қ., Сығанақ к., 70, «Сығанақ» БО, 2-қабат мекен-жайы бойынша өтеді.

Сонымен бірге, жария тыңдау «ZOOM» платформасында және Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің ресми парақшасында қатар трансляцияланады.

Қатысушылардың есебін жүргізу мақсатында «ZOOM» платформасына сілтемені төмендегі нөмерлерге қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Жобаны талқылау бойынша жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мәслихаттарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды шақыра отырып өткізіледі («Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ хабарламасы ашық қолжетімділікте www.bazamonoipolist.gov.kz сілтеме бойынша орналастырылған).

Байланыс телефондарының нөмірлері және интернет-ресурстардың мекен-жайлары:

ҚР ҰЭМ ТМРК тел. +7 (7172) 74-26-66, www.gov.kz/memleket/entities/krem

«KOREM» АҚ тел. +7 (7172) 98- 29-61, www.korem.kz.