Жаңалықтар архивы

19 қыркүйек, 2024
215

«KOREM» АҚ алаңында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының өкілдерімен кездесу өтті

2 Фото
2 Фото

2024 жылдың 19 қыркүйегінде «KOREM» АҚ алаңында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының (GIZ) өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу  орталығы» ЖШС қызметкерлері қатысты.

Кездесудің мақсаты – ынтымақтастықты жоспарлау және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы (GIZ) жүзеге асырып жатқан «Орталық Азиядағы жаңартылатын энергия көздері» аймақтық жобасының негізгі бағыттарын талқылау. Жоба техникалық, ұйымдастырушылық және кеңес беру қызметтерін көрсетуді, мамандардың әлеуетін арттыруды, ЖЭК саласындағы аймақтық ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Өз кезегінде «KOREM» АҚ қызметкерлері компанияның қазақстандық электр энергиясы нарығындағы рөлі туралы айтып, кездесуге қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондарды өткізу механизмімен таныстырды.

Тараптар Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытудың жай-күйі мен келешегі, ЖЭК секторын дамытудағы Еуропа елдерінің тәжірибесі, жаңартылатын энергия саласында қолданылатын жабдықтарды кәдеге жарату, электр энергиясын сақтау жүйелерін пайдалану, сондай-ақ Қазақстанда энергетика саласында қызмет атқаратын мамандарды дайындау мен оқыту мәселелерін талқылады.