Жаңалықтар архивы
АО «KOREM» қызметкері ЖЭК дамытуға қосқан үлесі үшін салалық марапатқа ие болды
2024 жылғы 11 желтоқсанда «2024 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту қорытындылары» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ЗТБ ұйымдастырған жаңартылатын энергетика саласындағы салалық марапаттарды тапсыру рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қосқан айтарлықтай жеке үлесі үшін «Қазақстан электр энергиясы мен қуат нарығының операторы» АҚ (KOREM) нарықтарды дамыту департаментінің бас менеджері Александр Леонидович Тен «Жаңартылатын энергия үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Александр Тен – энергетика саласында 14 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары білікті маман. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, электр энергетикасы және компьютерлік инженерия магистрі. Александр өзінің кәсіби қызметі барысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша маңызды мәселелерді шешуге белсене қатысады, электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді, Қазақстанда ЖЭК компоненттерінің жергілікті өндірісін дамытуға атсалысады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері жобаларын салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырып, рекордтық аукциондық бағаны төмендетуге қол жеткізді.
АО «KOREM» ұжымы атынан Александр Леонидовичті лайықты марапатымен құттықтай отырып, жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!
Фото: Qazaq Green