Жаңалықтар архивы

04 қараша, 2024
12

«KOREM» АҚ комплаенс-офицері «Compliance Forum 2024» III жыл сайынғы халықаралық конференциясына қатысты

1 Фото

2024 жылғы 31 қазанда Алматыда «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ (KOREM) комплаенс-офицері Болат Баймұратұлы қатысқан «Комплаенс форумы 2024» III жыл сайынғы халықаралық конференциясы өтті.

Іс-шараны Орталық Азиядағы ең ірі коммерциялық емес комплаенс қауымдастығы – «Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығы» Нархоз университетімен бірлесіп, Лондон қор биржасының (LSEG) қолдауымен ұйымдастырды.

Конференцияда комплаенс, корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару саласындағы жетекші сарапшылар тәжірибе алмасты, шешімдер мен практикалық құралдарды бөлісті, сондай-ақ осы саладағы соңғы тенденцияларды талқылады. Конференцияға спикерлер ретінде 20-дан астам сала сарапшысы қатысты, олардың қатарында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Парламентінің, Лондон қор биржасының, Нархоз университетінің және т.б. ұйымдардың өкілдері болды.  

«KOREM» АҚ-ның осы іс-шараға қатысуы компанияның іскерлік этиканың жоғары стандарттары мен комплаенс тәжірибесіне бейілділігін көрсетеді, бұл оның нарықтағы беделін одан әрі нығайтуға септігін тигізеді.

Фото: іс-шараны ұйымдастырушы