Жаңалықтар архивы

12 қараша, 2024
16

«KOREM» АҚ жаңа басқарушы директоры тағайындалды

1 Фото

Дәурен Төлегенұлы Шәкенов 2024 жылғы 11 қарашада «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Нарықты дамыту және сауда жүйесі жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқаруға кірісті.

Шәкенов Дәурен Төлегенұлы 1982 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, «Электр станциялары» мамандығы бойынша инженер-электрші біліктілігін және «Электр энергетикасы» магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан алюминийі» АҚ электр цехында IV разрядты электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері болып бастады.

15 жылдан астам еңбек жолында Дәурен Төлегенұлы «KEGOC» АҚ жүйелік операторы Ұлттық диспетчерлік орталығында техниктен бас диспетчердің орынбасарына дейін әртүрлі қызметтерді атқарды.

«ТМД ЭЭК еңбек сіңірген энергетигі» атағының иегері.