Жаңалықтар архивы

12 қараша, 2024
29

«KOREM» АҚ алаңында ЕҚДБ жел энергетикасын және энергия сақтау жүйелерін қолдау жобасы аясында семинар өтті

5 Фото
5 Фото
5 Фото
5 Фото
5 Фото

2024 жылғы 6-7 қарашада «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп жүзеге асырып жатқан техникалық тапсырма жобасы аясында бетпе-бет консультациялық семинар өткізді. Жоба Қазақстанда жел электр станцияларын (ЖЭС) салу бойынша Аукциондар бағдарламасын және энергия сақтау жүйелерін қолдауға бағытталған.

Жобаның мақсаты – Қазақстанда аккумуляторлық энергияны сақтау жүйесі (АЭСЖ) бар ЖЭС құрылысына пилоттық аукционды дайындау және жүзеге асыру, сондай-ақ техникалық, экологиялық және әлеуметтік бағалау негізінде жел энергетикасы жобаларын іске асыру үшін қолайлы үш алаңды іріктеу және дайындау.

Іс-шара Жобаның Кеңесшісі болып табылатын Synergy Consulting жетекшілік ететін консорциумның көмегімен өткізілді. Семинарға «KEGOC» АҚ, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС және «KOREM» АҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар жел энергетикасы жобаларында АЭСЖ енгізуге қатысты маңызды мәселелерді талқылады.  

Семинар нәтижесінде энергия сақтау жүйелерін қолданудың стратегиялық және техникалық аспектілері талқыланып, сала өкілдерінен кері байланыс алынды.