Жаңалықтар архивы

26 желтоқсан, 2024
130

«KOREM» АҚ жаңадан қабылданған қызметкерлері үшін компанияның негізгі мәселелері бойынша семинар өтті

1 Фото

«KOREM» АҚ-да комплаенс-офицер мен кадр қызметі бірлесіп ұйымдастырған жаңадан қабылданған қызметкерлерге арналған
онлайн-семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты жаңа әріптестерді компанияда қолданылатын негізгі ережелер мен нормалармен таныстыру болды.

Семинар келесі тақырыптарды қамтыды:

  • «KOREM» АҚ қызметкерлерінің еңбек тәртібі қағидалары
  • Еңбекақы және әлеуметтік қолдау
  • Жаңа жылдық сыйлықтар: жұмыс этикасы және сыйлық беру ережелері.

Семинарды комплаенс-офицер Булат Баймуратұлы ашты, ол сыйлықтарды, өкілдік шығыстарды, қайырымдылықтарды және өзге де пайданы шектеу ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол қызметкерлерді реттеуші құжаттармен, компанияда қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамен таныстырды және осы нормаларды бұзудың ықтимал салдарын еске салды. Булат Баймуратұлы корпоративтік стандарттарды сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, әріптестерін компанияның ішкі ережелеріне қайшы келетін әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Семинарды кадр қызметінің мамандары жалғастырды. Аружан Шакир қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек тәртібі қағидаларының негізгі ережелері туралы атап өтті. Ол сондай-ақ сыртқы келбетке, қауіпсіздік техникасына және еңбекті қорғауға қойылатын талаптарды сақтау мәселелеріне назар аударды.

Динара Бегалина шараны компаниядағы еңбекақы төлеу және әлеуметтік қолдау жүйесі туралы презентациясымен аяқтады. Ол аталған шаралар қызметкерлердің ынтасын арттыруға және ынталандыруға бағытталғанын атап өтті.

Семинардың онлайн форматы іс-шараның барлық қатысушылар үшін қолжетімділігін және қызметкерлер арасындағы тиімді өзара іс-қимылына ықпал етуін қамтамасыз етті.