Жаңалықтар архивы

07 ақпан, 2025
261

«KOREM» АҚ басшысы ЕАЭО электр энергетикалық нарығының негізгі мәселелерін талқылауға қатысты

2 Фото
2 Фото

2025 жылдың 6 ақпанында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі кіші комитетінің Электр энергетикасы жөніндегі Консультативтік комитетінің 140-шы отырысы өтті. Отырыс барысында Одақтың интеграцияланған электр энергетикалық нарығын дамытудың негізгі мәселелері талқыланды.

ЕАЭО-ның жалпы электр энергетикалық нарығындағы мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауда операторларының қызметі күн тәртібіндегі орталық тақырыптардың қатарында болды. Қатысушылар электр энергиясы нарығының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал ететін сауда тетіктерінің оңтайлы модельдерін талқылады.

Тағы бір маңызды тақырып регламент жобасын қарастыру, әртүрлі сауда түрлері үшін мемлекетаралық және ішкі қималардың қолжетімді және еркін өткізу қабілетін айқындау болды. Бұл құжат ЕАЭО шеңберінде энергия желілерін пайдалануды жақсартуға және энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Фото: ЕЭК