Жаңалықтар архивы
Қазақстанның жасыл энергиясы: «KOREM» АҚ жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондарға қатысуға шақырады
«Электр энергиясы және қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2025 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесін бекітуі туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырамыз.
Аукциондарды өткізу мерзімі: 2025 жылғы 26 мамырдан 12 қарашаға дейін
Белгіленген қуаттардың жалпы көлемі: 1 810 МВт, оның ішінде:
- жел электр станциялары (ЖЭС) – 1 200 МВт;
- күн электр станциялары (КЭС) - 90 МВт;
- гидро электр станциялары (ГЭС) - 500 МВт;
- биоотын электр станциялары (БиоЭС) - 20 МВт.
Атап өткенде, ағымдағы жылы Объектінің жалпы белгіленген қуаты 1 000 МВт болатын Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы үшін электр энергиясын жинақтау жүйесі бар ЖЭС құрылысына аукцион алғаш рет өткізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша «KOREM» АҚ-ға koremadm@korem.kz электрондық поштаға сұрау жіберу арқылы хабарласуға болады немесе келесі нөмір бойынша: 8 (7172) 982-965.