Жаңалықтар архивы
«KOREM» АҚ мен Дүниежүзілік банк Орталық Азия нарығы бойынша одан әрі ынтымақтастық аспектілерін талқылады
2025 жылдың 13 ақпанында «KOREM» АҚ Басқарма Төрағасы Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Орталық Азиядағы электр энергиясының өңірлік интеграциясы және саудасы жөніндегі бағдарлама (REMIT) талқыланды.
REMIT бағдарламасының мақсаты инвестициялардың, техникалық көмектің және өзара іс-қимылды арттыру жөніндегі іс-шаралардың үйлесімі арқылы Орталық Азиядағы энергетикалық өзара байланысты масштабтау болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар REMIT бағдарламасын іске асыру кезеңдерінде диалог пен өзара ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.