Жаңалықтар архивы

20 наурыз, 2025
128

Онлайн-семинар: ЖЭК аукциондарына қатысу және өткізу тәртібі

1 Фото

«KOREM» АҚ «ЖЭС, КЭС, СЭС және БиоЭС құрылысының жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы семинар туралы хабарлайды.

 

Семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕО» ЖШС және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдері қатысады.

 

Семинардың мақсаты – ЖЭС, КЭС, СЭС және БиоЭС құрылысының жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу, оны сүйемелдеу және өткізу мәселелерін түсіндіру.

 

Онлайн-семинар бағдарламасы:

  • Қазақстанда ЖЭК құрылысы жобаларын іске асыру;
  • 2025 жылға арналған ЖЭК аукциондық сауда-саттық кестесі;
  • ЖЭК аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін Ұйымдастырушының сауда жүйесінде тіркелу;
  • аукциондық сауда сессиялары;
  • аукциондық сауда-саттық жүйесіне баға ұсыныстарын жасау;
  • аукциондық бағаны есептеу;
  • аукциондық сауда-саттық нәтижелері және жеңімпаздардың әрі қарайғы әрекеттері;
  • ЖЭК аукциондық сауда-саттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқудан өту мүмкіндіктері.

 

Өткізу күні: 2025 жылғы 27 наурыз.
Уақыты: 10:00 (Астана уақыты бойынша).
Форматы: Zoom онлайн-конференция.
Конференция идентификаторы: 889 1432 2610
Коды: 807076

Барлық мүдделі тұлғаларды онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз!