Жаңалықтар архивы

27 наурыз, 2025
54

«KOREM» АҚ алаңында Қазақстанда ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша онлайн-семинар өтті

2 Фото
2 Фото

2025 жылғы 27 наурызда «KOREM» АҚ алаңында Қазақстанда ЖЭС, КЭС, СЭС және БиоЭС құрылысы бойынша жобаларды іріктеу үшін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу тақырыбында онлайн-семинар өтті.

 

Семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕО» ЖШС және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

 

ҚР Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің ЖЭК дамыту басқармасының басшысы Лейла Омарханова өз сөзінде ЖЭК жобаларын іске асыру механизмін сипаттап берді.

 

«KOREM» АҚ Нарықтарды дамыту департаментінің бас менеджері Александр Тен «Аукциондық сауда-саттық: Жаңартылатын энергия көздері» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстандағы ЖЭК дамуының тарихы, ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысу үшін әрекет ету реті мен сауда-саттықтардың өтетін күндері туралы айтып өтті.

 

«ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕО» ЖШС Дамыту және жоспарлау департаментінің директоры Замира Ахметова онлайн-семинар қатысушыларын аукциондық сауда-саттықтың қаржылық қамтамасыз етілуі және ЖЭК электр энергиясын сатып алу шарты туралы хабардар етті.

 

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Жобалар департаменті директорының орынбасары Иса Құдабеков ЖЭК секторындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады.

 

Семинар соңында қатысушылар үшін сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, қызу талқы орын алды.