Жаңалықтар архивы

31 наурыз, 2025
28

«KOREM» АҚ ЖЭС салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін тіркеудің басталатын уақыты туралы хабарлайды

1 Фото

“Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы” АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша ЖЭС құрылысына қатысты аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін тіркеудің басталу уақыты туралы хабарлайды.

Аукциондық сауда-саттық 26-28 мамыр аралығында 15:00-ден бастап өтеді (Астана уақыты бойынша):

 

26 мамыр – Оңтүстік аймақ

Жалпы белгіленген қуаты – 50 МВт
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 2 сәуір – 16 мамыр

 

27 мамыр – Солтүстік аймақ

Жалпы белгіленген қуаты – 100 МВт
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 3 сәуір – 19 мамыр

 

28 мамыр – Батыс аймақ

Жалпы белгіленген қуаты – 50 МВт
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 4 сәуір – 20 мамыр

 

Барлық сұрақтар бойынша "KOREM" АҚ-ға koremadm@korem.kz электрондық поштасына сұрау жіберу немесе 8 (7172) 982-965 нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарласуға болады.