Жаңалықтар архивы
Жиынтық белгіленген қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясын (ЖЭС) салуға арналған аукционның нәтижелері жарияланды.
2025 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының БЭЖ Батыс аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 50 МВт жел электр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 35 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 300 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кезінде 2025 жылғы шекті аукциондық баға 22,68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 22,68 теңге/кВтсағаттан 12,30 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.
Аукцион қорытындысы бойынша «Green Energy Industrial Company Aktobe» ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жобаның белгіленген қуаты - 50 МВт, аукцион бағасы - 12,30 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.
Бекітілген Кестеге сәйкес, Қазақстан Республикасы Батыс аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 30 МВт КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2025 жылғы 16 маусымға жоспарланған.