Жаңалықтар архивы
Жиынтық белгіленген қуаты 30 МВт болатын күн электр станциясын (КЭС) салуға арналған аукционның нәтижелері жарияланды.
2025 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасының БЭЖ Батыс аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 30 МВт күн электр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 55 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 150 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кезінде 2025 жылғы шекті аукциондық баға 34,61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 34,50 теңге/кВтсағаттан 14,72 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.
Аукцион қорытындысы бойынша «Vigor Holding» ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жобаның белгіленген қуаты - 30 МВт, аукцион бағасы - 14,72 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ECOJER» Қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығы, «Орталық Азиядағы тұрақты энергетикалық байланыстар» (SECCA), БҰҰДБ, Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.
Қазақстан Республикасы Онтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт КЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2025 жылғы 17 маусымға жоспарланған.