Жаңалықтар архивы

19 маусым, 2025
24

«KOREM» АҚ алаңында 20 МВт көлемінде қуат бойынша аукциондар өткізілді

1 Фото

Жиынтық белгіленген  қуаты 20 МВт болатын күн электр станциясын (КЭС) салуға арналған аукционның нәтижелері жарияланды.

2025 жылғы 19 маусымда  Қазақстан Республикасының БЭЖ Онтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 6 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 27 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 120 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кезінде 2025 жылғы шекті аукциондық баға 34,61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 34,61 теңге/кВтсағаттан 13,85 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.

Аукцион қорытындысы бойынша «Vigor Holding» ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жобаның белгіленген қуаты - 20 МВт, аукцион бағасы - 13,85   теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ECOJER» Қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығы, Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, «KazЕnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.

Бекітілген Кестеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Барлық аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 50 МВт ГЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2025 жылдың 23 маусымға жоспарланған.