Жаңалықтар архивы

20 қараша, 2025
28

Батыс аймағы бойынша ҚР БЭЖ-де электрлік қуат бойынша орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді

2 Фото
2 Фото

2025 жылғы 20 қарашада «KOREM» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша Л-2075 МЖЭС3–Бейнеу+Л-2085 МЖЭС3–Бейнеу транзиттік электр беру желілерінің өткізгіштік қабілетін ескере отырып, электрлік қуат бойынша орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.

Электрлік қуат бойынша орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «KOREM» АҚ-қа мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электрлік қуатқа болжамды сұраныс 385,6 МВт құрады;

- Маңғыстау энергия тораптарына қарай электр беру желілерінің өткізу қабілеті – 200 МВт.

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электрлік қуатқа болжамды сұраныс – 366,4 МВт;

- Батыс Қазақстан энергия тораптарына қарай электр беру желілерінің өткізу қабілеті – 180 МВт.

Электрлік қуатты дайын күйде ұстау қызметіне арналған шекті тариф – айына

 1 170 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз).

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы электрлік қуат бойынша орталықтандырылған сауда-саттықтың қорытындыларына сәйкес сатылған қуаттың жиынтық көлемі 385,6 МВт болды, оның ішінде Маңғыстау облысынан – 185,6 МВт, ал ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан – 200 МВт.          

Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 4.

Орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша орташа өлшенген баға айына 1 165,3 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электрлік қуаттың орталықтандырылған сауда-саттық қорытындыларына сәйкес сатылған қуаттың жиынтық көлемі 366,4 МВт болды, оның ішінде Маңғыстау облысынан – 146,4 МВт, ал ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан – 220 МВт.

Сауда жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 4.

Орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша орташа өлшенген баға айына 1 167,1 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электрлік қуатқа болжамды сұраныс толық көлемде қанағаттандырылды.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

 

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз:

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша 

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша