Жаңалықтар архивы
Маневрлік генерация режиміндегі жаңадан іске қосылатын генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары
2025 жылғы 15 желтоқсанда Оңтүстік аймақ (Шымкент қ.) бойынша маневрлік генерация режиміндегі жаңадан іске қосылатын генерациялаушы қондырғылардың құрылысына арналған, жиынтық орнатылған қуаты 500 МВт болатын аукциондық сауда-саттық өткізілді. Аталған аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылды.
Маневрлік генерация режиміндегі жаңадан іске қосылатын генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 86-тармағына сәйкес, сауда сессиясының аяқталу уақыты өткеннен кейін аукцион ұйымдастырушысы аукциондық сауда-саттықты жапты және қатысушылар санының жеткіліксіз болуына байланысты, яғни сауда жүйесіне екіден кем қатысушы өтінім бергендіктен, аукционды өткізілмеді деп жариялады.
Қағидалардың 45-тармағына сәйкес, Қағидалардың 86, 115 және 117-тармақтарында көзделген себептер бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган тиісті қайталама аукциондық сауда-саттықты 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде өткізу туралы шешім қабылдайды.
Қағидалардың талаптарын сақтау мақсатында аукциондық сауда-саттыққа бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Шымкент қаласы әкімдігінің және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.










