Жаңалықтар архивы
Қазақстанның жасыл энергиясы: «KOREM» АҚ ЖЭК бойынша аукциондарға қатысуға шақырады
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2026 жылға арналған жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кестелерін бекіткенін хабарлайды.
Осыған байланысты «KOREM» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды аукциондық сауда-саттықтарға қатысуға шақырады.
Аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кезеңі: 2026 жылғы 27 сәуірден 22 мамырға дейін.
Орнатылған қуаттардың жалпы көлемі: 915 МВт, оның ішінде:
- жел электр станциялары (ЖЭС) – 450 МВт;
- күн электр станциялары (КЭС) – 265 МВт;
- гидроэлектростанциялар (ГЭС) – 200 МВт.
2026 жылға арналған аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кестелерінде жоспарланып отырған ЖЭК объектілерін салуға арналған резервтелген жер учаскелері туралы ақпарат, сондай-ақ қосылатын қуаттың шектеулері және жаңа қосылулар саны көрсетіле отырып, энергия беруші ұйымдардың электр желілерінің нүктелеріне қосылу мүмкіндігі жөніндегі мәліметтер қамтылған.
Барлық сұрақтар бойынша «KOREM» АҚ-ға koremadm@korem.kz электрондық поштасына сұрау жолдау арқылы немесе 8 (7172) 982-965 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.










