Жаңалықтар архивы

25 ақпан, 2026
91

«KOREM» АҚ «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін жаңа электрондық сауда жүйесіне қатысты тұсаукесер мен оқыту өткізді

4 Фото
4 Фото
4 Фото
4 Фото

2026 жылғы 23 және 24 ақпанда «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін жаңа электрондық сауда жүйесіне қатысты орталықтандырылған және аукциондық сауда-саттықтарға қатысушы ұйымдардың өкілдері үшін тұсаукесер мен оқыту өткізді.

Іс-шара көтерме нарық субъектілерінің өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыруға және сауда жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған интеграцияланған сауда платформасын енгізу жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Кездесу кезінде қатысушыларға жаңа жүйенің құрылымы және негізгі функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды. Қоғам мамандары платформаның жұмысын нақты уақыт режимінде көрсетіп, өтінімдерді беру, сауда сессияларына қатысу және нәтижелерді өңдеу процестерін таныстырды. Сондай-ақ қатысушыларға жаңартылған жүйенің интерфейсімен және жұмыс алгоритмдерімен тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік берген имитациялық сауда-саттықтар өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар жаңа сауда жүйесінің функционалымен танысып қана қоймай, сондай-ақ сұрақтарын қойып, оны қолданудың практикалық аспектілерін талқылап, жекелеген үдерістерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізе алды. Айтылған барлық пікірлер, ұсыныстар мен ескертпелер егжей-тегжейлі пысықталып, жаңа сауда жүйесін одан әрі іске асыру және дамыту барысында ескерілетін болады.

Цифрлық форматтағы өзара әрекеттесуге көшу, сауда рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және электр энергиясы, электр қуаты бойынша орталықтандырылған сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздері мен генерацияның маневрлік режимі бар объектілерді салу жобаларын іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттық процестерінің сенімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Оқыту офлайн форматта өтіп, қашықтан қосылу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Қатысушылар жүйеде жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеріп, туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер алды.

Осы іс-шараны өткізу энергия өндіруші ұйымдардың және әлеуетті қатысушылардың жаңартылған цифрлық ортада жұмыс істеуге дайындық деңгейін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығының заманауи инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік берді.