Жаңалықтар архивы

27 ақпан, 2026
65

Онлайн-семинар: ЖЭК бойынша аукциондарға қатысу және оларды өткізу тәртібі

1 Фото

«KOREM» АҚ «ЖЭС, КЭС және ГЭС құрылысының жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы семинар туралы хабарлайды.

Семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің, «KEGOC» АҚ-ның және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның өкілдері қатысады.

Семинардың мақсаты – ЖЭС, КЭС және ГЭС құрылысының жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу, оны сүйемелдеу және  өткізуге дайындық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Онлайн-семинар бағдарламасы төмендегілерді қамтиды:

  • Қазақстанда ЖЭК бойынша құрылыс жобаларын іске асыру;
  • 2026 жылға арналған ЖЭК аукциондық сауда-саттық кестесі;
  • ЖЭК аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін Ұйымдастырушының сауда жүйесінде тіркелу;
  • аукциондық сауда сессиялары;
  • ЖЭК аукциондық сауда жүйесіне баға ұсыныстарын беру;
  • аукцион бағаларын есептеу;
  • аукциондық сауда-саттық қорытындылары және аукцион жеңімпаздарының әрі қарайғы әрекеттері;
  • ЖЭК аукциондарының әлеуетті қатысушылары үшін аукциондық сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқудан өту мүмкіндіктері.

 

Өткізу күні: 2026 жылғы 5 наурыз.
Уақыты: 10:00 (Астана уақыты бойынша).
Форматы: Zoom онлайн-конференциясы.
Конференция идентификаторы: 865 8419 2594
Коды: 320928

Барлық мүдделі тұлғаларды онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз!