Жаңалықтар архивы

05 наурыз, 2026
43

«KOREM» АҚ алаңында Қазақстанда ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша онлайн-семинар өтті

1 Фото

 

 2026 жылғы 5 наурызда «KOREM» АҚ алаңында Қазақстанда ЖЭС, КЭС және СЭС құрылысы бойынша жобаларды іріктеу үшін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу тақырыбында онлайн-семинар өтті.

 Семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕО» ЖШС және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

 Семинар барысында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру тетігі, Қазақстанда ЖЭК даму тарихы, аукциондық сауда-саттыққа қатысу алгоритмі және оларды өткізу мерзімдері туралы баяндамалар ұсынылды. Сондай-ақ қатысушыларға аукциондық сауда-саттықты қаржылық қамтамасыз ету тетігі, ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу шартының талаптары, сондай-ақ ЖЭК секторындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылды.

 Семинар соңында қатысушылар үшін "сұрақ-жауап" сессиясы ұйымдастырылды, оның аясында олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

 Сіз семинардың жазбасын мына сілтемеден жүктеп алып көре аласыз: 

 https://www.korem.kz/uploads/video1910024307.zip