Жаңалықтар архивы
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ көмегімен «KOREM» АҚ алаңында VinEnergo АҚ (Вьетнам) өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында «KOREM» АҚ өкілдері аукционға қатысу шарттары мен талаптарын түсіндірді.
«VinEnergo» АҚ өкілдерінің айтуынша, Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері саласында зор әлеует бар және ол ұзақ мерзімді дамуға айқын басымдық береді, бұл компанияның халықаралық инвестицияларды кеңейту стратегиясына сәйкес келеді.
Осыған орай, «VinEnergo» АҚ тұрақты ынтымақтастық негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамасын толық сақтай отырып және ұзақ мерзімді өзара тиімділікке қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия саласына инвестиция салу мүмкіндіктерін зерттеп, талқылауға қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, сапар бағдарламасына Жамбыл облысындағы жаңартылатын энергия жобалары үшін қарастырылып жатқан жер учаскелеріне бару да кіреді.










