Жаңалықтар архивы
2018 жылдың 24 мамырда жалпы қуаты 50 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша екінші аукцион Солтүстік аймаққа арналды (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары).
Компаниялардан 4 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 20-дан 50 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 127 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 22,67 теңге/кВт*cағ. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 22,67 теңге/кВт*cағ. 17,49 теңге/кВт*cағ. дейін болды.
Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.
Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушы жеңімпаз болып анықталды.
- "Жел электрик" ЖШС Қостанай облыстағы 50МВт ЖЭС жобасымен, 17,49 теңге/кВт*cағ. бағамен
Келесі аукцион 2018 жылғы 28 мамырда өтеді.
Анықтама ретiнде:
Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 пен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр.
Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.
Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:
- күн электр станциялары – 290 МВт;
- жел электрстанциялары – 620 МВт;
- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;
- биоэлектр станциялары – 15 МВт.
Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.