Жаңалықтар архивы

30 мамыр, 2018
385

Жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша бесінші аукциондық күн өтті.

2018 ж. 30 мамырында жалпы қуаты 50 МВт күн электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша бесінші аукцион Батыс аймаққа арналды.

Жаңартылатын энергия көздерін іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидалары 5-параграфтың 51-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттық өткізілмеді, себебі сауда жүйесіне аукционға қатысуға өтінім берген қатысушылардың саны үштен аз болды.  

Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.  Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпазы анықталған жоқ.

Келесі аукцион 2018 жылдың 31 мамырында өтеді.

Анықтама ретiнде:

Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 пен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр. 

Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.

Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:

- күн электр станциялары – 290 МВт;

- жел электрстанциялары – 620 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;

- биоэлектр станциялары – 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.