Жаңалықтар архивы
2018 ж. 31 мамырында жалпы қуаты 20 МВт күн гидроэлектростанциялар жобаларын іріктеу бойынша бесінші аукцион Солтүстік және Оңтүстік аймақтарға арналды.
Қазақстандық компаниялардан 8 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 2-ден 10 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 50,7 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 16,71 теңге/кВт*cағ. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 16,70 теңге/кВт*cағ. 12,8 теңге/кВт*cағ. дейін болды.
Қатысушылар саны 3-тен артық және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.
Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды.
- "Жарык Энерго" Ұлттық Энергетикалық Компаниясы" ЖШС, 8,6 МВт-қа 12,8 теңге/кВт*cағ. бағамен
- "Бекзат" ЖШС 7 МВт-қа 13,13 теңге/кВт*cағ. бағамен
- "Толқын-2 ЖЭС" ЖШС 2 МВт-қа 13,68 теңге/кВт*cағ. бағамен
- "Гидросервис" ЖШС 3 МВт 15,19 теңге/кВт*cағ. бағамен
Келесі аукцион 2018 жылдың 4 маусымда өтеді.
Анықтама ретiнде:
Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 пен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр.
Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.
Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:
- күн электр станциялары – 290 МВт;
- жел электрстанциялары – 620 МВт;
- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;
- биоэлектр станциялары – 15 МВт.
Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.