Жаңалықтар архивы
2018 жылдың 5 маусымда жалпы қуаты 10 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша сегізінші аукцион Оңтүстік аймаққа арналды.
3 компаниялардан 3 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 4,95-тен 10 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 19,95 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 22,68 теңге/кВт*cағ. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 22,67 теңге/кВт*cағ. 22,65 теңге/кВт*cағ. дейін болды.
Қатысушылар саны 3-тен кем емес және сатып алынатын қуат мөлшері 150% жоғары болғандықтан, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес аукцион өткізілді деп саналады.
Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай қатысушылар жеңімпаз болып анықталды:
1. «Alcor Energy» ЖШС 4,95 МВт-қа 22,65 теңге/кВт*cағ. бағамен;
2. «Восток Ветер» ЖШС 10 МВт-қа 22,66 теңге/кВт*cағ. бағамен.
Келесі аукцион 2018 жылғы 6 маусымда өтеді.
Анықтама ретiнде:
Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 пен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр.
Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.
Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:
- күн электр станциялары – 290 МВт;
- жел электрстанциялары – 620 МВт;
- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;
- биоэлектр станциялары – 15 МВт.
Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.