Жаңалықтар архивы
2018 жылдың 3 қазанында Солтүстік аймақ (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) үшін жалпы қуаты 50 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша «күзгі» аукциондық сауда-саттықтың бірінші күні өтті.
Жаңартылатын энергия көздерін іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидалары 5-параграфтың 51-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттық өткізілмеді, себебі сауда жүйесіне аукционға қатысуға өтінім берген қатысушылардың саны үштен аз болды.
Аукциондық сауда-саттықта бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпазы анықталған жоқ.
Келесі аукцион 2018 жылдың 4 қазанында өтеді.
Анықтама ретiнде:
Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымға дейін және қазанның 3 пен 18 күндер аралығында жаңартылатын энергия көздер жобаларды іріктеуге бірінші халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр.
Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Энергетика Министрлігі аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес (21.12.2018ж. ҚР ЭМ №466 бұйрығы) аукциондық сауда-саттық кестесін қалыптастырды.
Энергетика Министрлігімен бекітілген аукциондық сауда-саттық кестесіне сәкес, ағымдағы жылда белгіленген қуаты 1 000 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізуді жоспарланып отыр, электр станцияларының түрлері бойынша:
- күн электр станциялары – 290 МВт;
- жел электрстанциялары – 620 МВт;
- гидроэлектр станциялары – 75 МВт;
- биоэлектр станциялары – 15 МВт.
Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.