Жаңалықтар архивы

25 қазан, 2018
1474

Жаңа ережелер бойынша жаңғырмалы энергетикаға салынатын инвестициялар, Қазақстанда жаңғырмалы энергия көздері (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша алғашқы аукциондық сауда-саттық қорытындысы жасалды

1 Фото

ЖЭК секторындағы технологиялардың қарқынды дамуы - ЖЭК құруға ниетті инвесторлар санының көбеюімен қатар, ең тиімді жобаларды, ең үздік технологиялық шешімдер мен күрделі қаржы шығындары ең аз жобаларды әділ және бәсекелі іріктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін механизм енгізуді талап етті.  Бүгінде осы талаптарға сай келетін жаһандық үрдіс - ЖЭК жобаларын іріктеуге бағытталған аукциондық сауда-саттық механизмі.

Қазақстан Республикасында аукциондық сауда-саттық механизмін енгізу бірнеше жыл бойы ЖЭК секторын дамытуды қолдау саласында қолданыстағы заңнамаларға түзетулер әзірлеп, енгізуді талап етті.  ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты сапалы іске қосу үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, аукциондық сауда-саттыққа қатысуға, оның ішінде шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі аукциондық сауда-саттық механизмінің енгізілгені туралы жариялай отырып, жаңа механизм ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясының объективті нарық бағасын белгілеуге, әлеуетті инвесторларды іріктеудің ашық үдерісін қалыптастыруға және елдегі жаңғырмалы генерациялау секторын дамытуға инвестициялар тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Инвесторлар үшін жасалған жағдайлар Қазақстанда ЖЭК жобаларын жүзеге асыруға үлкен қызығушылық тудырды. Аукциондық сауда-саттықтың көрсетілген нәтижелері жаңғырмалы энергетика секторын дамыту саласында іске асырылып отырған мемлекеттік саясаттың дұрыстығын растайды, аукциондық сауда-саттықтар өткізу және кейіннен ЖЭК жобаларын салу Қазақстанның жасыл экономикаға көшуінің маңызды қадамы болмақ.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №65 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес, 2018 жылы белгіленген қуаттағы 1000 МВт көлемінде электр станцияларының түрлері бойынша 20 аукциондық сауда-саттық өткізілді:

- күн электр станциялары - 290 МВт;

- жел электр станциялары - 620 МВт;

- гидроэлектростанциялар - 75 МВт;- биомасса станциялары - 15 МВт.

- биомасса станциялары - 15 МВт.

Аукциондық сауда-саттыққа әлемнің 8 елінен - Қытайдан, Ресейден, Түркиядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Франциядан, Болгариядан, Италиядан және Нидерландыдан 113 қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысты.

Аукциондық  сауда-саттықтар «КОРЭМ» АҚ-ның электронды сауда алаңы арқылы өткізілді, аукциондық сауда-саттық процесін барлық аукциондық сауда-саттыққа қатысқан бақылау комиссиясы қадағалады.  Бақылаушылар құрамына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.

Аукциондық сауда-саттыққа дайындық аясында, аукциондық сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылардың әрқайсысы «Жаңғырмалы энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС (бұл мекемемен әрі қарай аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары электр энергиясын сатып алу туралы шарт жасайды) пайдасына аукциондық сауда-саттыққа қатысуға қаржылық қолдау көрсету арқылы аукциондық сауда-саттыққа қатысуға ниетті екендігін растауға тиіс болды.  Аукциондық сауда-саттық өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 млрд теңге сома қаржылық қолдау көрсетілді, бұл Қазақстандағы жаңғырмалы энергетика жобаларын іске асыруға инвесторлардың қызығушылығы жоғары екенін растайды.

30 компания аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары деп танылып, 36 жоба іріктелді.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы қатысушылар жалпы белгіленген қуат көлемі 3204 МВт болатын өтінімдер ұсынды, бұл сұраныстан 3 есе асып кетті.

Аукциондық сауда-саттық жалпы 857,93 МВт көлемге өткізілді, оның ішінде: 

- күн электр стансалары - 270 МВт;

- жел электр станциялары - 500,85 МВт;

- гидроэлектр станциялары - 82,08 МВт;

- биомасса станциялары - 5 МВт.

Тарифтердің төменгі деңгейі төмендегілерді құрады:

- КЭС-те 18 тг/кВт*сағ, бұл шекті аукциондық бағадан (34,61 тг/кВт*сағ) 48%-ға төмен;

- ЖЭС-те 17,39 тг/кВт*сағ, бұл шекті аукциондық бағадан (22,68 тг/кВт*сағ) 23%-ға төмен;

- ГЭС-те 12,8 тг/кВт*сағ, бұл шекті аукциондық бағадан (16,71 тг/кВт*сағ) 23%-ға төмен;

- БиоЭС-те 32,15 тг/кВт*сағ, бұл шекті аукциондық бағадан (32,23 тг/кВт*сағ) 0,25%-ға төмен.

Өткізілген жиырма аукциондық сауда-саттықтың 13-і өтіп, 7 аукцион аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар саны жеткіліксіз болғандықтан және аукциондық сауда-саттыққа қатысу өтінімінде жалпы белгіленген қуаттың қажетті көлемінің болмауына байланысты өткізілмеді деп танылды.

2018 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттықтың көктемгі-күзгі сессияларының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1) «Зенченко и К» КС (Қазақстан) - 18 тг/кВт*сағ бағамен 2 МВт;

2) «Вичи» ЖШС (Қазақстан) - 18,01 тг/кВт*сағ бағамен 7 МВт, жер телімі - Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Петровка ауылы, 30 га, қосылу нүктесі – ПС-Балкашино (52.491790,68.725898);

3) «VentumEnergy» ЖШС (Қазақстан) – 18,99 тг/кВт*сағ бағамен 4,95 МВт;

4) «EastWindEnergy» ЖШС (Қазақстан) - 19,99 тг/кВт*сағ бағамен 4,95 МВт;

5) «Иван Зенченко» ЖШС (Қазақстан) - 22,53 тг/кВт*сағ бағамен 2 МВт;

6) «Жел электрик» ЖШС (Қытай) - 18 тг/кВт*сағ бағамен 50 МВт, жер телімі - Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат ауылы, 100 га, қосылу нүктесі - ПС110/35/10 (53.904842,64.717499);

7) «ВЭС Жангиз» ЖШС (Қазақстан) - 21,5 тг/кВт*сағ бағамен 5МВт;

8) «ВЭС Сервис» ЖШС (Қазақстан) - 21,7 тг/кВт*сағ бағамен 10 МВт;

9) «Жарық Энерго» Ұлттық Энергетикалық компаниясы» ЖШС (Қазақстан) - 12,8 тг/кВт*сағ бағамен 8,6 МВт;

10) «Бекзат» ЖШС (Қазақстан) - 13,13 тг/кВт*сағ бағамен 7 МВт;

11) «ВЭС Толқын» ЖШС (Қазақстан) - 13,68 тг/кВт*сағ бағамен 2 МВт;

12) «Гидросервис» ЖШС (Қазақстан) - 15,19 тг/кВт*сағ бағамен 3 МВт;

13) «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС (Қазақстан) - 32,15 тг/кВт*сағ бағамен 5 МВт;

14) «AlcorEnergy» ЖШС (Қазақстан) – 22,65 тг/кВт*сағ бағамен 4,95 МВт;

15) «Восток Ветер» ЖШС (Қазақстан) - 22,66 тг/кВт*сағ бағамен 10 МВт;

16) URBASOLAR SAS (Франция) - 28 тг/кВт*сағ бағамен 5 МВт, жер телімі - Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, 50 га, қосылу нүктесі - «Жолшы» ПС-25/10 кв (43.919733,67.281353);

17) «ТехноБазальт» ЖШС (Қазақстан) - 28,99 тг/кВт*сағ бағамен 3 МВт;

18) Hydroenergycompany JSC (Болгария) - 29 тг/кВт*сағ бағамен 10 МВт;

19) «MISTRAL ENERGY» ЖШС (Қазақстан) - 25,80 тг/кВт*сағ бағамен 50 МВт;

20) «Жел электрик» ЖШС (Қытай) - 17,39 тг/кВт*сағ бағамен 100 МВт, жер телімі - Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка ауылы, 200 га, қосылу нүктесі - Кокшетауская - 1150 (53.259428,68.888633) .

21) «EnergoTrust» ЖШС (Қытай) - 19,5 тг/кВт*сағ бағамен 50 МВт, жер телімі - СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, 150 Га, қосылу нүктесі - ПС 220 кВ Буран (53.311111,68.054722);

22) «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС (Қазақстан) - 19,98 тг/кВт*сағ бағамен 50 МВт, жер телімі - Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Еленовка ауылы, 200 га, қосылу нүктесі – ПС Шығыс (51.030670,71.843731);

23) «Инвесто» ЖШС (Қазақстан) - 20,5 тг/кВт*сағ бағамен 50 МВт, жер телімі - ШҚО, Глубокое ауданы, Березовка ауылы, 53 га, қосылу нүктесі - ПС-Березовка (50.235443, 82.125481);

24) «ҚазГидроОперейтинг» ЖШС (Қазақстан) - 14,85 тг/кВт*сағ бағамен 13,88 МВт;

25) «Қаратал ГЭС-терінің каскады» ЖШС (Қазақстан) - 14,9 тг/кВт*сағ бағамен 21,6 МВт;

26) «Коринская ГЭС» ЖШС (Қазақстан) - 15,48 тг/кВт*сағ бағамен 26 МВт;

27) «Жел электрик» ЖШС (Қытай) - 20,9 тг/кВт*сағ бағамен 50 МВт;

28) «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС (Қазақстан) - 22,58 тг/кВт*сағ бағамен 100 МВт;

29) «DalaSolar» ЖШС (Қазақстан) - 18 тг/кВт*сағ бағамен 2 МВт;

30) JSC Hydroenergycompany (Болгария) - 19,58 тг/кВт*сағ бағамен 10 МВт;

31) «ДСТО Solar» ЖШС (Қазақстан) - 19,6 тг/кВт*сағ бағамен 10 МВт;

32) «KK-KIUSEN (КК-КИЮСЕН)» ЖШС (Қазақстан) - 19,63 тг/кВт*сағ бағамен 10 МВт;

33) JSC Hydroenergycompany (Болгария) - 18,6 тг/кВт*сағ бағамен 50 МВт;

34) «АвеларСолар Технолоджи» ЖШҚ (Ресей) - 18,8 тг/кВт*сағ бағамен 20 МВт;

35) «АвеларСолар Технолоджи» ЖШҚ (Ресей) - 22,5 тг/кВт*сағ бағамен 50 МВт;

36) ShellKazakhstan B.V. Branch (Нидерланды) - 22,9 тг/кВт*сағ бағамен 50 МВт.

Бақылаушылар қабылданған аукциондық сауда-саттық механизмі адам ресурстарының араласуынсыз ЖЭК жобаларын іріктеудің ашық және түсінікті механизмін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді деп атап өтті.