Жаңалықтар архивы
Табиғатты қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңiнде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу кестесі
16 сәуірде «АЭС Усть-Каменогорская ГЭС» ЖШС үшін сауда-саттық өткізіледі, энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі – 1,78 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).
17 сәуірде «АЭС Шульбинская ГЭС» ЖШС үшін сауда-саттық өткізіледі, энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі – 2,26 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).
18 сәуірде «Казцинк» ЖШС (Бұқтырма ГЭС) үшін сауда-саттық өткізіледі, энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі – 1,1 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).
Сіздің назарыңызды жеткізу кезеңі бойынша деректер Ертіс су қоймалары каскадының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның шешімінен кейін нақтыланатынына аударамыз. «КОРЭМ» АҚ Басқарма Төрағасының 2019 жылғы 27 наурыздағы №11 бұйрығымен бекітілген орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi кезеңдерге электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес, табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы әрбір ГЭС үшін екінші сауда сессиясында жеке өткізілетін болады.