Жаңалықтар архивы

16 сәуір, 2019
921

Табиғатты қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының өткізілген сауда-саттығының қорытындысы

1 Фото

Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар, «КОРЭМ» АҚ Сіздерді 2019 жылы 16 сәуірде «Усть-Каменогорская ГЭС» ЖШС-ның қатысуымен өткен табиғат қорғау тұрғысындағы су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының өткізілген сауда-саттығының нәтижелері туралы хабардар етеді. 

Орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу барысында сұраныстың жалпы көлемі – 1798 МВт, ал ұсыныс көлемі – 69 МВт құрады. Сауда-саттық нәтижелері бойынша сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізіліміне 2 мәміле енгізілді, жасалған мәмілелердің жалпы көлемі – 21,6 млн.кВтс құрады, мәміле бағасы – 1,78 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

1,8 тг/кВтсағ бағасы, 3,24 млн.кВтсағ көлемі бар «сатып алушы-сатушы» жұбы «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген нормаларын бұзуға байланысты сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізіліміне сауда-саттықтың қорытындылары бойынша енгізілмеген.