Жаңалықтар архивы

09 шілде, 2019
856

27.11.2019 ж. өтетін КЭС жобасы бойынша аукциондық сауда-саттық видеобейне

1 Фото

2019 жылғы 27 қарашада Қазақстанда 50 МВт КЭС жобасы бойынша құжаттамалары бар аукциондық сауда-саттық өтеді. Құжаттамалары бар аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде инвесторлардың тәуекелдерін азайту мақсатында Инвесторларға жобаның негізгі параметрлерін қамтитын құжаттар пакеті берілетін болады.

Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігінің тапсырысы бойынша құжаттаманы дайындаумен БҰҰДБ айналысады. Әлеуетті инвесторларды ақпараттандыру үшін БҰҰДБ «Жаңартылатын энергия көздерін инвестициялау тәуекелдерін төмендету» бейнеролигін дайындады. Осы бейнені көру үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://vie.korem.kz/rus/uchastie_v_torgah/proect_auction/.