Жаңалықтар архивы
2019 жылғы 25 қыркүйектегі 50 МВт жиынтық белгіленген қуаты бар ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары
2019 жылдың 25 қыркүйегінде өткен 50 МВт белгіленген жиынтық қуаты бар ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукцион
2019 жылдың 25 қыркүйегінде өткен 50 МВт белгіленген жиынтық қуаты бар ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукцион Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары 51-тармағының 1) және 2) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес өткізілмеді, сатуға берілген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдердің белгіленген қуатының жиынтық көлемі белгіленген қуатының сұраныс көлемі 130%-дан кем, сондай-ақ сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың саны екеуден кем болды.
Қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпазы анықталған жоқ.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және «KazEnergy» ЗТБ өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционның ұйымдастырушысы - «КОРЭМ» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының айқындылығы расталды.
Анықтама ретінде:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 19.03.2019 ж. №97 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2019 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 255 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:
- күн электр станциялары – 80 МВт;
- жел электр станциялары – 100 МВт;
- гидроэлектр станциялары – 65 МВт;
- БиоЭС – 10 МВт.
Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.