Жаңалықтар архивы
Құрметті электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысушылар, Сізге Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2019 жылғы 25 қазандағы №13-05-4414/телефонограммасына сәйкес және «КОРЭМ» АҚ-ның сауда алаңында электр қуатының имитациялық орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз:
- 29.10.2019 жылы сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтары бойынша;
- 31.10.2019 жылы сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша;
- 31.10.2019 жылы сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша.
«КОРЭМ» АҚ сауда жүйесінде power-test.korem.kz сілтемесі бойынша 28.10.19 ж. сағат 15.00-ге дейін тіркелуді сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша 8(7172) 690-706, 690-703, 690-705 телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады.